Сурет: Egemen Qazaqstan
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы алғашқы ойын бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Жеңімпаз команда жартылай финалда Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Плей-офф кезеңінде Франция құрамасы Швецияны (3:0) және Парагвайды (1:0) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ал Марокко құрамасы Нидерландыны негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Кейін 1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен жеңді.
Франция мен Марокко құрамалары 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында да кездескен болатын. Ол ойында Франция 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Мазмұнға өту
