Сурет: Egemen Qazaqstan
18 маусымнан 19 маусымға қараған түні футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур басталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екінші турдың алғашқы ойын күнінде турнирдің екі қожайыны бірден алаңға шығады. Мексикалықтар Оңтүстік Кореямен кездесуде жеңісті жолын жалғастыруға тырысады. Ал Канада Катарға қарсы өнер көрсетеді.
А тобындағы ұпай санын түгендеп алудың соңғы мүмкіндігін Чехия мен ОАР сарапқа салады. B тобында Швейцария — Босния және Герцеговина екінші ойындарын өткізеді. Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапында ойнап жүрген босниялық Иван Башич өз құрамасы атынан алаңға шығады.
Барлық ойындар тікелей эфирде Qazsport арнасынан көрсетіледі. Швейцария — Босния және Герцеговина, сондай-ақ Канада мен Катар кездесулері Qazaqstan телеарнасының эфирінен ұсынылады.

