Categories Ақорда

Адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне еніп, адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі етіп белгілеп, оны конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Кіріспеде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар стратегиялық басым бағыттар ретінде көрсетілген.

Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі. Сонымен қатар, 4-тармақта мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейтіні айтылған. Бұл барлық балалар үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу-ағарту министрлігі құқықтық сауаттылықты арттыру шараларын іске асыруда. Жаңа оқу жылынан бастап 5–7-сыныптарда «Конституция негіздері», 8–11-сыныптарда «Заң мен тәртіп» пәндері енгізіледі. «Құқық негіздері» пәні жаңартылып, бастауыш сыныптарға «Конституция әлеміне саяхат» оқу құралы әзірленді.

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шараға 3,9 миллионнан астам оқушы қатысты.

Қабылданып жатқан шаралар балалардың құқықтық білімін арттырып, заңға құрметін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламалары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алатын, Әділетті Қазақстан құндылықтарын қолдайтын заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.

Ұқсас жазбалар

Масштабный акт милосердия — Президент подписал Закон об амнистии

Закон об амнистии, инициированный Главой государства, — это акт гуманизма, по случаю принятия новой Конституции…

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енді.…

2026 жылдың 1 шілдесі – Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн.

Будучи Конституционным центром страны, ел дамуының жаңа белесін бастайды. Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің…