Шартарап

500 мың көрермен: Астанадағы PGL турнирі рекорд жаңартты

Астанадағы «Barys Arena» кешенінде өтіп жатқан PGL Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Counter-Strike 2 бойынша жарысты 500 мың адам онлайн тамашалады. Бұл – киберспорттың Қазақстандағы танымалдығының айқын дәлелі.

Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен күшті командалар қатысып жатыр. Жергілікті жанкүйерлер үшін бұл – үлкен оқиға.

«Мұндай деңгейдегі жарысты алғаш рет өткізіп отырмыз. Барлық жағдай жасалған», – дейді ұйымдастырушылар.

Келесі ойындар күн сайын өтеді. Финал 10 мамырда өтеді деп жоспарланған.

Көп оқылғандар