Спорт

2027 жылы Астанада УЕФА конгресі өтеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

2027 жылы 22 сәуірде Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының жоғары басқарушы әрі заң шығарушы органының 51-конгресін өткізуге Астана алаң болады. Конгресс барысында қабылданатын шешімдер алдағы бірнеше жылдағы еуропалық футболдың даму бағытын айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz. Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Конгресс жұмысына УЕФА құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, ұйым президенті, Атқару комитетінің мүшелері, сондай-ақ ФИФА, еуропалық лигалар, клубтық бірлестіктер мен халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысады.

«Әлем чемпионаты сатылмайды»: УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялайтынын мәлімдеді

Алда өтетін конгрестің басты ерекшелігі – Астанада УЕФА президенті мен ұйымның Атқару комитеті мүшелерінің сайлауы өтеді.

Көп оқылғандар