Қаржы

2027 жылы АЕК, зейнетақы және күнкөріс минимумы өседі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер мен негізгі есептік көрсеткіштердің мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобаға сәйкес, 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы өзгермейді және 85 000 теңгені құрайды. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңге болады, қазір ол 4 325 теңге.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 38 622 теңгеге дейін өседі, қазір бұл көрсеткіш 35 596 теңге. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 74 919 теңгені құрайды, қазіргі мөлшері 69 049 теңге.

Күнкөріс минимумы 55 173 теңгеге дейін өседі, қазір ол 50 851 теңге. Осылайша, 2027 жылдан бастап АЕК, ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі және күнкөріс минимумы артады, ал ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге деңгейінде сақталады.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеті туралы заң жобасында ұсынылған.

Көп оқылғандар