Categories Спорт

2026 жылғы футбол әлем чемпионатының ерекшеліктері

Сурет: istockphoto.com

Футбол тарихындағы ең ауқымды турнирлердің бірі – әлем чемпионаты басталуға санаулы күндер қалды. Биылғы дода жанкүйерлерді ерекше форматымен қуантпақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ойындар Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады. Матчтардың басым бөлігі АҚШ аумағында өтсе, Канада мен Мексика да маңызды кездесулерді қабылдайды.

Алғашқы матч Мексикадағы «Ацтека» стадионында өтеді. Ашылу ойынында Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасымен кездеседі. Финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы маңындағы MetLife стадионында өтеді.

2026 жылғы мундиальдің басты ерекшелігі – қатысушы командалар санының 48-ге дейін ұлғаюы. Осыған байланысты турнир барысында рекордтық 104 матч өтеді. Қалалар арнайы іріктеліп, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген стадиондарда ойындар өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің кең географиясы жанкүйерлерге әртүрлі қалаларда өтетін ойындарды тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл FIFA тарихындағы ең ірі әрі ең көп қаланы қамтитын әлем чемпионаты болғалы тұр.

Ұқсас жазбалар

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚФФ ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсинборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңіске…

Неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті

Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы финалында неміс теннисшісі Александр Зверев италиялық Флавио Коболлиді…