Сурет: ашық дереккөз
Ресейден Қазақстанға 20 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер экстрадицияланды. Ол адамдар тобымен бірге қарақшылық жасағаны үшін сотталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті – Қазақстан азаматы. Ол 2000 жылдардың басында қарақшылық шабуылға қатысып, кейін шетелге қашып кеткен.
«Қылмыскер ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Ресей құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде оны ұстап, елге жеткізу мүмкін болды», – деді Бас прокуратура өкілі.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

