20 жастағы студент Айсәуле Қанаха өлімі: алаяқтар 1,1 млн теңге аудартқан

Сурет: Ашық дереккөз

Астанада 20 жастағы студент Айсәуле Қанаханың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қыздың денесі 1 сәуір күні үйінен табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, қыз өлгенге дейін белгісіз біреулерге 1,1 миллион теңге аударған. Қазір бұл ақшаның алаяқтарға кеткені тексеріліп жатыр.

«Қыздың өліміне дейін телефон арқылы бейтаныс адамдармен сөйлескені анықталды. Алаяқтар оны алдап, ірі көлемде ақша аударуға мәжбүрлеген болуы мүмкін», – деді тергеушілер.

Құқық қорғау органдары қыздың өліміне алаяқтардың қатысы барын жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссиге «Достық» орденін табыс етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл – атом…

Құрбан айтта ХҚКО жабылады: 27 мамырда қызмет көрсетілмейді

Құрбан айт мерекесіне орай 27 мамырда барлық ХҚКО мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

ҰБТ кезінде жарық сөнсе, тапсырмаңыз жарамсыз болып қала ма? Министр түсіндірді

ҰБТ кезінде жарық өшіп қалса, талапкерлердің нәтижесі жоғалмайды. Министр қайта тапсыру мүмкіндігі берілетінін айтты.