Саясат

Сайлаудың сәні — сайлаушылар

Сайлаушыларға жаңа идея керек. Олар жаңа идеяларға мұқтаж болып отыр. Жалпы бұл тек қана біздің елімізде емес, әлемде солай үрдіс алған. Сондай идеяларға тастабан болсын деп, жаңа Конститутцияны да Құрылтайды да құрдық.

Ертеңгі күні сайлауға түсетін саяси партиялар өздерінің бағдарламаларын ұсынып жатыр. Ол бағдарламалар ішінде шынында жаңа идеяларға бастама болатын түрлі форматтар бар екен, соның ішінде терең және күрделі мәселелер қамтылыпты. Енді сол бағдарламаны қабылдау мен ұсыну бар да, оны жүзеге асыру бар ғой. Ертеңгі күні соны жүзеге асыратын біздің депутаттар қандай болуы керек деген мәселеге келетін болсақ, егерде депутат саяси білімді болып, рухани білімнен хабарсыз болса, ол сол саясаттың өзін дұрыс жеткізіп береді деп айта алмаймын. Сол сияқты заңгердің өзі де заңның мәселесін білетін болса, тек қана соны жаттаған болса, ол халыққа заңды толық түсіндіріп бере алатынына сенім жоқ.

Сондықтан кешегі күні саясат пенен заңды рухани біліммен ұштастырып сөйлейтін Әбіш Кекілбайұлынан, бүгінгі күні күллі әлемдік тілді меңгерген әлем басшыларын таңқалдырып жүрген Мемлекеттің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан үлгі алу керек деп ойлаймын. Мемлекет басшысы ұсынған кітап оқитын ұлт жобасы жаңа Конститутциямен ұштасып жатыр. Кітап оқитын ұлт жобасынан үлгі алған біздің елде қазір кітап оқудың қайта өрлеу кезеңі басталып жатыр. Халық білімді. Ал білімді халық бір жолды шиырлағысы келмейді, митың жүрісті қаламайды. Оларға жаңа идея керек. Білімді халықтың ертеңгі күні депутатқа қоятын сауалы көп, сол сұрақтардың ішінде оңайы жоқ. Президентіміз айтқандай Құрылтайдың болашақ депутаттары бастамашыл, мемлекетшіл, отаншыл болуы керек. Біз депутаттардан осыны күтеміз. Кандидаттардың ішінде жастар да баршылық екен. Бұл Құрылтайдың жаңа келбеті. Жалпы қоғам Құрылтайдан үлкен үміт күтеді.

Көп оқылғандар