Қоғам

19 шілдеде Алматы мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына болжам жасады. 19 шілдеде Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Бұл кезде елдімекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Алматыда экологиялық заң бұзған кәсіпорындарға 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. БҚО-да экологиялық заңнаманы бұзғандардан бюджетке 2 млрд теңге өндірілді.

Көп оқылғандар