Қоғам

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвадағы білім бәйгесінде топ жарды

Қазақстандық оқушылар Литвада өткен халықаралық білім бәйгесінде 19 елдің ішінен дара шығып, ел мерейін асқақтатты. Бұл – Еуропаның жаңа білім додасындағы алғашқы жеңіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

23-29 сәуір аралығында Вильнюс қаласында өткен байқауға 19 мемлекеттен жүздеген оқушы қатысты. Қазақстандық команда өз білімі мен дайындығының арқасында көзге түсті.

«Біздің оқушылардың табандылығы мен еңбегі зор нәтиже әкелді. Бұл – бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш», – деді ұйымдастырушылар.

Жеңіске жеткен оқушылардың есімдері мен жетістіктері кейінірек жарияланады. Бұл жеңіс еліміздің білім саласындағы әлеуетін тағы бір дәлелдеді.

Көп оқылғандар