Categories Спорт

13 жылдан кейін Қазақстанның әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында әйелдер арасындағы командалық жарыстың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған команда қола жүлде үшін Сингапур құрамасын 42:39 есебімен жеңді. Бұл – 13 жыл ішіндегі алғашқы жүлде, алдыңғы рет 2013 жылы ғана қола алған болатын.

Жарыс барысында қазақстандық спортшылар 1/8 финалда Таиландты 45:22, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берді.

Бұған дейін Азия чемпионатында сапы сайысынан ерлер құрамасы, Ирина Бакалдина алтын, Руслан Курбанов қола, қылыш сайысында ерлер құрамасы қола жүлде алған еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық мерген қыздар әлем чемпионатында алғаш рет алтын алды

Қазақстандық мерген қыздар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.

Әлем чемпионаты: бүгін үшінші тур ойындары басталады

Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур кездесулері басталады. 25 маусымға қараған түні A, B, C…

Колумбия Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Колумбия әлем чемпионатының K тобында Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.