Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда стоматологиялық клиникаларды тексеру қорытындысы шықты. 104 медициналық мекеме лицензиясын өз еркімен қайтарып, жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында көптеген клиникада құрал-жабдықтың ескіргені, санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталған. Кейбір мекемелерде тіпті стерильді емес құралдармен емдеу жүргізілген.
«Біз пациенттердің денсаулығын бірінші орынға қоямыз. Лицензиясыз жұмыс істеген клиникалардың жабылуы – заңды қадам», – деді комитет өкілі.
Қазіргі уақытта қалған стоматологиялар қатаң бақылауға алынды. Мамандар халыққа тек лицензиясы бар клиникаларға жүгінуге кеңес береді.

