Шартарап

1 млн доллар жүлде қоры: Астанада AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада өтетін Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемдік креаторлардан өтінім қабылдауды бастады. Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер қабылданады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – AI технологиясын кино өнерінде қолдануды ынталандыруға бағытталған ірі жоба.

«Біз AI арқылы дәстүрлі кино өндірісін өзгертетін жаңа буын авторларды іздейміз. Байқау – шығармашылық пен технологияның тоғысқан тұсы», – дейді ұйымдастырушылар.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен қатысу шарттары байқаудың ресми сайтында жарияланған. Жеңімпаздарды халықаралық сарапшылар қазылар алқасы анықтайды.

Көп оқылғандар