Қоғам

Жылыту кезеңіндегі өрт 16%-ға азайды – министр

Сурет: ашық дереккөз

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша өрт оқиғалары өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16%-ға төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, жылыту кезеңіндегі өрттердің 55%-дан астамы тұрғын үй секторында, көбінесе жеке үйлерде тіркеледі. Негізгі себептер: электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 39,2%, пешпен жылыту – 29,6%, отқа салғырт қарау – 11,5%.

Тұрғын үй секторындағы тәуекел топтарының алдын алу шараларында әлеуметтік жағынан осал азаматтардың үйлеріне баруға ерекше көңіл бөлінген. Бұл санатта қазір 93 мыңнан астам үй есепте тұр. Тамыз айынан бері 6,1 мың мұржа тазаланып, 3,1 мың пеш және 3,4 мың электр жабдықтау жүйесі жөнделді. Сонымен қатар 13 мыңнан астам өрт датчигі орнатылды.

Зейнеткерлер үйінде өрт қаупін анықтау және жою мақсатында «Ата-анаңның үйін тексер» акциясы басталды.

Айта кетейік, елімізде өрт қаупі бар үйлерді анықтайтын жаңа жүйе іске қосылады.

Демалыс күндері Астана мен Семей қалаларындағы тұрғын үйлерден өрт шықты.

Көп оқылғандар