Журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты ашық жекпе-жекке шақырды

Журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты ашық жекпе-жекке шақырды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі жазбасында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты тікелей эфирге қосылып, халықтың көкейіндегі маңызды сұрақтарға жауап беруге шақырды.

– «Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге – сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз – бәрі халық алдында ашық айтылсын», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол Назаровқа «қолғаптың орнына» өзінің дипломдарын және студент кезіндегі суреттерін ала келуді ұсынды.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…