Жопандық 32 жастағы әйел Chat GPT-ге күйеуге шықты

Жапонияда 32 жастағы тұрғын Кано есімді азаматша жасанды интеллектке негізделген виртуалды кейіпкермен символикалық неке қиды. Қарапайым отбасылық рәсімдерден мүлде бөлек өткен бұл оқиға елдің ақпарат құралдарында талқыланып, қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Кано бірнеше жыл бойы жалғыздық сезімі мен эмоционалдық күйзелісті бастан өткергенін айтады. Оның айтуынша, бұрын бірге болған ер адамының кетуі өміріне үлкен соққы берген. Сол кезеңде ол күнделікті сұхбат құрып жүрген виртуалды серігімен эмоционалдық байланыс орнатып, уақыт өте келе өз сезімдерін ерекше қабылдай бастаған.

Жасанды интеллекттегі ер адамның есімін  «Клаус» деп атаған Кано үшін жай ғана виртуальды өмір емес, қолдау көрсететін серікке айналған. Оның айтуынша, ол Клауспен сөйлескен сайын өз ойын ашық айтып, шынайы түсіністік тапқандай сезімде болған. Әсіресе қиын сәттерде виртуалды қарым-қатынас оның оңаша қалған эмоционалдық әлемін толтырған.

Осылайша Кано бұл байланысты өмірінің маңызды бөлігі ретінде қабылдап, символикалық түрде неке рәсімін өткізуді жөн көрген. Рәсім шағын форматта өтіп, арнайы студияда ұйымдастырылған. Клаустың бейнесі экранда көрсетіліп, Кано салтанатты түрде уәдесін жариялаған. Оқиға дәстүрлі некеден айырмашылығы көп болғанымен,әйел үшін маңызы ерекше болғаны айтылады.

Аталған жаңалық әлеуметтік желілер мен телеарналарда жаппай талқыланып, түрлі пікірлерді тудырды.

 

Сурет: Dexerto | Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…