Қоғам

Жезқазғанда той кортежінің жол ережесін бұзғаны анықталды: 6 адам жауапқа тартылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

8 тамызда Жезқазған қаласындағы Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде келе жатқан автокөлік шеруінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында бұл шерудің үйлену тойына арналғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жолаушылардың көлік терезесінен денесін сыртқа шығарғаны, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға рульге отырғызғаны және қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды.

Осы құқық бұзушылықтар үшін жүргізушілер мен жолаушылар заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 6 азамат жауапқа тартылып, 2 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

Көп оқылғандар