Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда жеткізу қызметіне қатысты шағымдар көбейген. Тауарды алғаннан кейін курьерлердің жоғалып кетуі жиілеп, тұтынушылар шығынға ұшырап жатыр.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Даурен Исмаилов бұл мәселеге алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, алаяқтар интернет-дүкендер арқылы тапсырыс алып, ақшаны алған соң із-түзсіз жоғалады.
«Көбінесе жалған компаниялар тіркеліп, бірнеше тапсырысты орындап, сенімге кіріп алады. Содан кейін ірі сомаға тауар алып, жоғалып кетеді. Тұтынушылар ешқандай кепілдіксіз қалады», — деді Исмаилов.
Мамандар жеткізу қызметін таңдағанда компанияның тіркеуін тексеруді және тек сенімді сервистерді пайдалануды ұсынады. Сонымен қатар, алдын ала төлем жасамай, тауарды алғаннан кейін ғана ақша аудару керек.

