Басты тақырып

Жемқорлардан қайтарылған қаржы Қызылорда ауылдарына су жеткізуге жұмсалады

Жемқорлардан қайтарылған қаржы Қызылорда ауылдарына су жеткізуге жұмсалады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Қызылорда облысында ауылдарды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бағытталды. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жемқорлардан қайтарылған қаржы есебінен бөлінген.

Бұл сомаға Арал және Қазалы аудандарындағы 6 нысан салынады. Жобалар нәтижесінде Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарының 2 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізеді.

Нысандарды пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, ауылдарға таза ауызсу жеткізу өңірдің әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын едәуір жақсартпақ.

 

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *