Categories Қоғам

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: мұғалімдер жұмыссыз қалмайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа өзгерістер мемлекеттік қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге бағытталған. Қазіргі уақытта кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында субсидия көлемін арттыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды түрде ауысу жағдайлары тіркелген.

Вице-министрдің айтуынша, қабылданатын шаралар білім сапасын арттыруға, оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Ол қаржыландыру тәртібінің өзгеруі жекеменшік мектеп мұғалімдерінің жұмыссыз қалуына себеп болмайтынын атап өтті.

«Егер мектептер белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жергілікті атқарушы органдар педагогтер мен оқушыларды мемлекеттік мектептерге көшіру алгоритмін әзірледі. Сондықтан білім беру процесі үзілмейді және мұғалімдерді жұмыспен қамту қамтамасыз етіледі», — деді Жайық Шарабасов.

Министрлік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп педагогтерді мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылған. Қажет болған жағдайда мұғалімдерге мемлекеттік мектептерден бос жұмыс орындары ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

ҰБТ: ереже бұзған 300-ге жуық талапкердің нәтижесі жойылды

ҰБТ-ны өткізудің 7 аптасында 715 ереже бұзушылық анықталды. 422 талапкер тыйым салынған заттар үшін шеттетілді,…

Бокстан U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Қазақстан бокс федерациясы U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Жарыс 3-16 шілде…

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Астана, 2026 жылғы 29 маусым.  Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші…