Сурет: Ашық дереккөз
Жаркент қаласында 9 шілде күні мектеп аумағында ойнап жүрген 5-сынып оқушысы құлпы салынбаған трансформаторлық қосалқы стансаға кіріп кетіп, электр тогына түскен. Ол Жаркент ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп, нысанды пайдалану мен оның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі анықталып жатыр.
Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға анықталған заңбұзушылықтар мен осындай қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін кемшіліктерді жою туралы нұсқама жолданды, деп мәлімдеді полиция.
Мазмұнға өту
