Categories Жайық news

Жапонияның экс-премьерін атып өлтірген Ямагами өмір бойына сотталды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні атып өлтірген 45 жастағы Тэцуя Ямагами өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот оның адвокаттарының жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ямагами кінәсін бірден мойындаған. Ол алғашқы сот отырысында-ақ қылмысты жасағанын растады.

«Мұның бәрі рас. Мұны менің істегеніме ешқандай күмән жоқ», – деді сотталушы.

Сотталушының адвокаттары оның балалық шағы ауыр өткенін және отбасын діни ұйымның күйреткенін алға тартып, 20 жылдан аспайтын жаза сұраған. Қорғаушылардың айтуынша, Ямагамидің анасы барлық жиған-тергенін «Бірігу шіркеуі» деп аталатын ұйымға беріп отырған.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстың негізгі себебі – айыпталушының қоғам назарын сол діни топтың іс-әрекетіне аударуға тырысуымен байланысты. Ямагами Жапонияның экс-премьері Абэні осы шіркеу мен саясаткерлер арасындағы байланыстырушы тұлға деп санаған.

«Сотталушы бұрынғы премьер-министр Абэ сияқты ықпалды адамды өлтіру арқылы қоғамның назарын осы шіркеуге аударып, оған деген сыни көзқарасты күшейте аламын деп есептеген», – деді прокурор.

Еске сала кетейік, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық 2022 жылы жасалған. Ол ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…