Басты тақырып

Жапониядағы жер сілкінісінен 50 адам зардап шекті

Сурет: DW

Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші Жапонияның сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша ең жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

NHK телерадиокорпорациясының мәліметінше, 50 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің арасында Хикава қаласындағы қарттар үйінің 10 тұрғыны бар.

Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаитидің айтуынша, табиғи апат салдарынан өрттер шығып, жолдар мен көпірлер зақымданған, ғимараттар қирап, бірқатар өңірде электр қуаты үзілген.

Негізгі жер сілкінісінен кейін бірнеше әлсіз қайталама дүмпу тіркелді. Бұдан соң биіктігі 1 метрге дейін жетуі мүмкін цунами қаупі жарияланғанымен, кейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі бұл ескертудің күшін жойды.

Сондай-ақ теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылып, оның ішінде жоғары жылдамдықты «Синкансэн» пойыздарының қатынасы да үзілді.

Көп оқылғандар