Сурет: Getty Images
Жапонияның оңтүстігіндегі Кумамото префектурасында болған күшті жер сілкінісі салдарынан 19 адам із-түзсіз жоғалып, кемінде 50 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Биліктің мәліметінше, жер сілкінісі Кюсю аралында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:27-де тіркелген. Табиғи апаттан кейін 150 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға нұсқау берілді.
Із-түзсіз жоғалғандардың бір бөлігі Касима қалашығындағы Aeon Mall сауда орталығында, қалғандары Яцусиро қаласындағы Nippon қағаз фабрикасында болған. Құтқарушылар сауда орталығының қирандылары астынан төрт адамды аман алып шыққанымен, қалған адамдарды іздеу жалғасып жатыр.
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити апат салдарының ауқымы әлі толық бағаланбағанын айтты. Оның сөзінше, бірнеше ауданда электр қуаты өшіп, өрттер тіркелген, жолдар мен көпірлер зақымданып, бірқатар ғимарат қираған.
Мазмұнға өту
