Басты тақырып

Жапониядағы күшті жер сілкінісінен кейін сауда орталығында адамдар қамалып қалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жапонияның оңтүстігіндегі Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері ғимараттарды зақымдап, өрттер шығып, электр жарығы сөнді. Aeon Mall сауда орталығында жарылыс болып, ішінде адамдар қамалып қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық көмекке 50-ге жуық адам жүгінген. Инфрақұрылым бүлініп, пойыздар тоқтады, Кумамото әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Мобильді байланыста да ақаулар бар.

Қайталама дүмпулер мен көшкін қаупіне байланысты 150 мыңнан астам тұрғынға эвакуациялану ұсынылды.

Премьер-министр Санаэ Такаити билік апаттың ауқымын бағалап жатқанын мәлімдеді.

Көп оқылғандар