Әлем

Жапонияда магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды

Сурет: istockphoto.com

Жапонияның шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпулер Токио орталығында да сезілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сілкініс ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. Мияги, Фукусима және Ибараки префектураларында дүмпу күші 3 балға жетті.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет әзірге жоқ.

Бұған дейін Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде магнитудасы 4,8 жер сілкінісі болғаны хабарланған. Дүмпулер 29 қазанға қараған түні тіркелген.

Көп оқылғандар