Сурет: Reuters
Жапонияда «Дельфин» тайфуны салдарынан 56 мыңға жуық үй электр қуатынсыз қалды. Табиғи апаттан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тайфун кезінде желдің екпіні сағатына 216 шақырымға жетіп, нөсер жаңбыр жауды. Қолайсыз ауа райына байланысты Окинава мен Амами аралдарына қатынайтын бірқатар әуе рейсі тоқтатылды.
Қазір табиғи апат Қытайдың шығыс жағалауына қарай жылжып барады. Осыған байланысты елде су тасқыны мен көшкін қаупіне орай «қызғылт сары» деңгейдегі ескерту жарияланды.
Қытайдың жағалау аймақтарында порттар жабылып, паром қатынасы мен құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ балық аулайтын кемелерге жағалауға оралу тапсырылды.
Синоптиктердің болжауынша 12 тамызға дейін Қытайдың шығысында қатты жаңбыр мен жел күтіледі. Кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшері 600 миллиметрден асуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды.
Мазмұнға өту
