Сурет: Egemen Qazaqstan
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тек елдің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік облыстарда да бұршақ жауу ықтималдығы бар.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қатты ыстық күтілетін өңірлер: Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында +35…+39°C; Түркістан және Қызылорда облыстарында +40…+43°C; Маңғыстау облысында +43…+46°C.
Сонымен қатар +40…+42°C аптап ыстық Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күтіледі.
Мазмұнға өту
