Қоғам

Жамбылда жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған әйел ұсталды

Сурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жаңа туған қыз баласын қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйел ұсталды. Полицияның жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тез арада анықталып, ол кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңертең Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизонының аумағында орналасқан қоқыс жәшігінен жаңа туған қыз бала табылған еді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты толық тергеу жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы туралы қосымша ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай мамыр айында Ақтөбе қаласында тіркелген болатын. Онда жаңа туған нәресте қоқыс жәшігінің жанынан табылып, пакет ішіндегі сәбидің жылағанын өтіп бара жатқан адамдар естіп, полицияға хабарлаған еді.

Көп оқылғандар