Categories Жайық news

Жалақысын сұрап барып, бастығын атып тастады: СҚО-дағы қатыгез қылмысқа нүкте қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысын өлтірген 23 жастағы жігіт 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың күзінде Докучаево ауылында болған. 23 жастағы Вадим Орлов мас күйінде қолына мылтық алып, жалақысын даулау үшін фермер Азамат Батановтың үйіне барған.

Іс материалдарына сәйкес, Орлов алдымен басқа ауыл тұрғынына шабуыл жасаған. Кейін фермердің үйіне келгенде, қожалық басшысы өзін қорғау үшін аспанға ескерту оғын атқан. Алайда айыпталушы оны өз мылтығымен атып өлтіріп, артынша марқұмның мылтығымен тағы бірнеше рет оқ жаудырған.

Алқабилер жігітті кісі өлтіру бойынша кінәлі деп таныды. Сот оның шын жүректен өкінгенін ескергенімен, қылмысты мас күйде жасауы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралды.

Сондай-ақ қылмыс қаруын жасырған Орловтың сыбайласы екі жылға сотталды. Үкім бойынша сотталушы марқұмның отбасындағы әрбір адамға 2,5 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…