Спорт

Янник Синнер Уимблдонда қатарынан екінші рет чемпион атанды

Сурет: Cameron Spencer/Getty Images

Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон турнирінде қатарынан екінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

12 шілдеде Лондондағы Бүкіланглиялық көгалдағы теннис және крокет клубында ерлер арасындағы финал өтті. Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер мен Германия өкілі Александр Зверев чемпиондық атақ үшін кездесті.

Матч 3 сағат 46 минутқа созылды. Синнер 15 эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Зверев 17 эйс орындап, екі қос қателік жіберді.

Кездесу 6:7 (7:9), 7:6 (7:2), 6:3, 6:4 есебімен Синнердің пайдасына аяқталды. Осылайша, италиялық теннисші қарсыласымен жеке кездесулерде есепті 11:4-ке жеткізді. Ол Зверевті 2024 жылғы Цинциннати турнирінен бері қатарынан оныншы рет жеңді.

24 жастағы Янник Синнер әлемдік рейтингте бірінші орында. Бұл оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі бесінші чемпиондық атағы. Бұған дейін ол Аустралияның ашық чемпионаты (2024, 2025), АҚШ-тың ашық чемпионаты (2024) және Уимблдон (2025, 2026) жеңістеріне қол жеткізген.

Оның еншісінде ATP турнирлеріндегі 29 чемпиондық атақ бар, соның ішінде Қорытынды ATP турниріндегі екі жеңіс (2024, 2025). Италия құрамасы сапында Синнер Дэвис кубогын екі рет (2023, 2024) жеңіп алған.

29 жастағы Александр Зверев ATP рейтингінде үшінші орында тұр, бірақ Уимблдоннан кейін екінші орынға көтеріледі. Маусым айында ол мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанып, «Ролан Гарроста» жеңіске жеткен еді.

Оның ATP аясындағы жекелей сында 25 чемпиондық атағы бар, соның ішінде Қорытынды ATP турниріндегі екі жеңіс (2018, 2021) және 2021 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарының алтын медалі бар.

Көп оқылғандар