Қоғам

23 тамызға арналған ауа райы болжамы: елдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 23 тамызда Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады. Ал оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болады. Жел жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз +16…+18°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3–8 м/с, екпіні 11 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Ақтауда ашық аспан, жауын-шашын жоқ. Жел 5–10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты екпінді жел күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және қатты екпінді жел болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +18…+20°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, аздап жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.

Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 8–13 м/с, екпіні 15 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +32…+34°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4–9 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Көп оқылғандар