Қоғам

Қазақстанда 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

Сурет: АШМ

Қазақстанның барлық өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сүйенсек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қысқы мал қыстату кезеңіне жоспарланған көлемнің 67 пайызын құрайтын 27,9 млн тонна жемшөп дайындап үлгерді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 22,8 млн тонна шөп (жоспардың 89 пайызы), 2,1 млн тонна пішендеме (90 пайыз), 1 млн тонна құрама жем, 446,2 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан дайындалды.

Қысқы кезеңді тұрақты өткізу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамы 201,3 мың тонна астық түрінде жемшөп қорын қалыптастырды. Бұл резерв қажет болған жағдайда шаруаларды жемшөппен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, науқан барысын бақылап отыр. Мониторинг пен резервтерді уақытылы жасақтау мал шаруашылығы қожалықтарын қажетті жемшөппен қамтамасыз етіп, алдағы қысты тиянақты өткізуге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар