Ресей баспасөзінде Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ресейлік бірқатар БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазды. Олардың айтуынша, Зеленскаяға қатысты тергеу амалдары басталуы ықтимал.
Алайда ресми растау әзірге жоқ. Украина тарапы бұл ақпаратқа әлі пікір білдірген жоқ.

