Басты тақырып

Венесуэладағы жер сілкінісінен 18 мың адам баспанасыз қалды

Сурет: Reuters

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан 18 мыңға жуық адам үйсіз қалды. Зардап шеккендер қазір мектептер, саябақтар және басқа да уақытша баспаналарға орналастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ресми деректер бойынша, апат аймағындағы жағдай өте күрделі. Билік сейсмикалық төзімді жаңа үйлер салуды жеделдету үшін жергілікті және халықаралық компанияларды тартуды жоспарлап отыр.

БҰҰ-ның алдын ала бағалауынша, зілзала экономика мен инфрақұрылымға үлкен зиян келтірген. Апаттан зардап шеккен 1,3 миллион адамға шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін 300 миллион доллар қажет екені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі ірі дүмпу 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Елде жеті күндік аза тұту жарияланды.

Көп оқылғандар