Сурет: ҰҚК
2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Астанаға жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іздеу шаралары ҰҚК-нің ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросымен бірлескен жұмысы және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.
Ведомствоның дерегінше, ұсталған ер адам аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Ол 2021 жылдан бастап құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҰҚК ақпаратынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланған болатын.
Сонымен қатар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын экстрадициялады.
