Басты тақырып

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды: «Қазгидромет» болжамы

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 26 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, түнде Астана және Қостанай қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елдімекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Айта кетейік, Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асып кеткен. Ал Алматыда жылыту маусымы аяқталса да, ауа сапасы жақсармай тұр.

Көп оқылғандар