Антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы үш күнде де Қазақстан аумағында өз әсерін сақтайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде қатты аяз бен боран соғады. Әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде күн суық болады.
Батыс Қазақстан облысында да антициклон әсерінен ауа райы тұрақсыз. Оралда температура -15…-20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жергілікті тұрғындарға жылы киініп, жолдарда абай болуға кеңес беріледі.
Ал оңтүстік аймақтарда ауа райы біршама жұмсақ болады. Дегенмен, жауын-шашын күтіледі.

