Сурет: Анадолы
Үндістанның батысындағы Махараштра штатында соңғы екі тәулікте муссондық нөсер жаңбырынан туындаған көшкін мен су тасқыны салдарынан 13 адам мерт болып, тағы 10 адам жарақат алды. Табиғи апат ғимараттардың қирауына әкелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Штаттың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі министрі Гириш Махаджанның мәліметінше, Мумбай қаласы мен оған іргелес Палгхар және Райгад аудандарына рекордтық мөлшерде жауын-шашын түскен. Осы апаттан 13 адам көз жұмды.
— Ең көп зардап шеккен аудан — Мумбайдағы Манкхурд. Онда ғимараттың опырылуы салдарынан 6 адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, — деді ол.
Қатты жауын мен көшкін штаттағы теміржол және автомобиль көлігінің қозғалысына да елеулі кедергі келтірді.

