Сурет: Wirestock Creators / Shutterstock / Fotodom
Үндістан өзендерінің бірінде қолтырауын 12 жастағы баланы бөлшектеп тастады. Денесінің қалдықтары 5 сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Times of India дерегінше, бала жұмыстан кейін қолы-аяғын жуу үшін су жиегіне тоқтаған. Сол сәтте оған қолтырауын шабуыл жасаған.
Баланың айқайын естіп, маңайда жұмыс істеп жүрген фермерлер жүгіріп келген. Олар жыртқышқа тас пен кірпіш лақтырған. Қолтырауын баланы аяғынан тістеп, су астына сүйреп әкеткен. Бұл оқиға баланың туыс ағасының көз алдында болған.
Қолтырауын баланы ішінара жеп үлгерген. Денесінің қалдықтары табылған кезде оның оң аяғы мен денесінің төменгі бөлігі қатты зақымданғаны анықталған.
Мазмұнға өту
