Сурет: Үкімет
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Ұлытау облысын кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері және облыс әкімдігі қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес барысында өңірдің тұрақты дамуы, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ Жезқазған қаласының бас жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Жезқазғанда Конгресс орталығы, университет, инклюзивті спорт орталығы және әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу жоспарлануда. Сонымен қатар спорт, білім беру, мәдениет нысандары мен инженерлік инфрақұрылым жобаларының іске асу барысы қаралды.
2026-2029 жылдарға арналған 58 бюджеттік инвестициялық жобадан тұратын өңірлік жобалар пулы ұсынылды. Бұл жобалар инженерлік, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй құрылысына және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жобаларды қаржыландыру мен жобалық құжаттаманы жедел дайындауды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, ірі бизнес өкілдері мен облыс әкімдігіне инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Мазмұнға өту
