Categories Қоғам

ҰБТ: ереже бұзған 300-ге жуық талапкердің нәтижесі жойылды

Сурет: ҚР ҒЖБМ

Елімізде 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 340 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 27 пайызы орыс тілінде, ал 522 рет ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир алды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға мұндай санатта 765 талапкер қатысты.

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің 7 аптасында 715 ереже бұзушылық анықталды. 422 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 286 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Ұқсас жазбалар

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: мұғалімдер жұмыссыз қалмайды

Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгереді. Вице-министр Жайық Шарабасов мұғалімдердің жұмыссыз қалмайтынын…

Бокстан U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Қазақстан бокс федерациясы U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Жарыс 3-16 шілде…

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Астана, 2026 жылғы 29 маусым.  Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші…