Қоғам

ҰБТ-да тәртіп бұзған 115 талапкер аудиториядан қуылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталғалы 115 талапкер тәртіп бұзып, аудиториядан шығарылды. Олардың көбі ұялы телефон қолданған немесе көшірме жазбалар әкелген.

10 мамырдан бері өтіп жатқан негізгі ҰБТ-ға қатысушылар 139 мың рет тест тапсырған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Тәртіп бұзған 115 адамның ішінде 56-сы ұялы телефон ұстаған, 33-і көшірме жазбалар пайдаланған, 26-сы басқа да ереже бұзған. Олардың барлығы тест тапсырудан шеттетілді», – деді Емелбаев.

ҰБТ еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Батыс Қазақстан облысынан да талапкерлер белсенді қатысып жатыр. Биылғы тестілеу ерекшелігі – қатысушыларға нәтижені бірден көруге мүмкіндік берілген.

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Келесі бұзушылықтар анықталса, тест нәтижесі жойылады және биылғы жылы қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Көп оқылғандар