Қоғам

ТЖМ құтқарушылары Есіл өзеніндегі ер адамды ажалдан алып қалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанадағы Сарайшық ауданында «Арыс» көпірінің астында ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болған. Бірақ ол жағаға өздігінен жете алмай, суда қалып қойған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сол маңда кезекшілікте тұрған ТЖМ құтқарушылары дереу әрекет етті. Олар құтқару шеңберін пайдаланып, ер адамды судан шығарды.

Құтқарылған адам 1985 жылы туған. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлерге тапсырды.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Көп оқылғандар