Түркиядағы жол апатынан қазақстандық қайтыс болды: Антальядағы оқиға

Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше күндіз болған. Қазақстандық жүргізуші басқаруындағы жеңіл көлік жолдың қиын учаскесінде қарсы бағытта келе жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, жеңіл көлік орыннан аударылып, өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер келгенше көлік толығымен жалынға оранған. Жүргізушінің денесін анықтау қиынға соқты, — деді Түркия полициясының өкілі.

Қайтыс болған азаматтың жеке басы анықталып, туыстарына хабарланған. Қазіргі уақытта Қазақстанның Антальядағы консулдығы марқұмның денесін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Түркия билігі жол-көлік оқиғасының мән-жайын тергеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың сол учаскесінде жол белгілерінің жеткіліксіз орнатылғаны анықталған.

Ұқсас жазбалар

Астанада құтқарушылар автобус өртін жедел сөндірді

Астанада Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылында автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты. Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, ешкім…

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

ТЖМ шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыс жүргізіп, балалар қауіпсіздігіне ерекше…

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Энергетика министрлігі 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында саланы цифрлық трансформациялау…