Сурет: Getty Images
Transfermarkt порталы португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың көрсеткіштерінен алты голды алып тастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Порталдың кезекті жаңартуынан кейін Роналдудың 2023 жылы «Әл-Наср» сапында Араб клубтары чемпиондары кубогінде соққан алты голы есепке алынбайтын болды. Transfermarkt бұны турнир мәртебесімен түсіндірді: жарысты ФИФА мен құрлықтық футбол конфедерацияларына кірмейтін Араб футбол қауымдастықтары одағы (UAFA) ұйымдастырған.
«Бұл деректер Роналдудың 985 голын көрсететін басқа басылымдар мен футболшының өз мәліметтерінен ерекшеленеді. Мысалы, оның 2023 жылғы Араб клубтары чемпиондары кубогінде „Әл-Наср“ сапында соққан алты голы есепке алынбайды», делінген Transfermarkt мәлімдемесінде.
Сонымен қатар портал Роналдудың «Аль-Файзали» қақпасына соққан бір голын статистикада қалдырған. Ал FlashScore бұл допты қарсылас ойыншының автоголы ретінде тіркеген.
Осылайша Transfermarkt есебі бойынша Роналдудың клубтық мансабында – 833 голы, Португалия құрамасы сапында 146 голы бар. Жалпы көрсеткіші – 979 гол. Ал өзге дереккөздер футболшының еншісінде 985 гол бар екенін көрсетіп отыр.
Айта кетейік, 41 жастағы футболшы жақында Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады. Соған қарамастан футбол аңызы тарихтағы 1 000 гол соққан алғашқы футболшы атану мақсатына жақындап келеді.
Бұған дейін Роналдудың бұрынғы клубы Жасұлан Әмірге қызығушылық танытып отырғанын жазған болатынбыз.
Мазмұнға өту
