Әлем

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде қол алысты: екі держава көшбасшысы не туралы сөйлесті?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Пекинде кездесті. Екі лидер Халық жиналыс үйінде жүздесіп, телекамералар алдында қол алысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – Трамптың екінші мерзімдегі алғашқы шетелдік сапары. Кездесуде сауда соғысы, тарифтер және геосаяси шиеленістер талқыланды.

«Біз Қытаймен достық қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз, бірақ әділ сауда ережелері сақталуы керек», – деді Трамп.

Си Цзиньпин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында тараптар бірқатар келісімге қол қойды.

Көп оқылғандар