Сурет: istockphoto.com
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран бұғаз арқылы өтетін кемелерден баж салығын алмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Кемелер Ормуз бұғазынан шыға бастады, олардың көпшілігі мұнай тиеген. Олар толықтай қауіпсіз, қорғалған және ешқандай қауіп-қатер жоқ, оңтүстік дәліз арқылы жүруде. Қозғалыс үшін басқа бағыттар да бар», деді Трамп.
Fars агенттігінің хабарлауынша, Тегеран кемелердің бұғаз арқылы тегін өтуіне тек 60 күн бойы рұқсат бермек. Осы мерзім аяқталғаннан кейін Иран тарапы бұғаз арқылы өтетін кемелерден төлем алып, түскен қаражатты ел экономикасын дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр.

